ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов жұмыс сапарымен Қостанай облысында болды
20:52, 18 Мамыр 2009
ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов Қостанай облыстық ішкі істер департаментінде болып, шұғыл басқару орталығының жұмысымен танысты және департамент бөлімшелерінің басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ол қарауындағылардың назарын қазіргі кезеңдегі ішкі істер органдарының алдында тұрған негізгі міндеттерге және Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша талаптарына назар аударды.«Республикада жыл басынан бері тіркелген қылмыстардың жалпы саны 12 пайызға қысқартылды. Адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау мен қарақшылық қылмыстары азайды, ? деді Серік Баймағанбетов. ? Қазіргі уақытта біздер халықтың полицияға деген сенімдерін қайтаруға тиістіміз. Адамдар ішкі істер қызметкерлеріне қорғаушылар деп қарауы керек. Сонымен қатар, сыбайлас, оның ішінде өз қатарымыздағы жемқорлыққа, жастар арасындағы қылмысқа, есірткі ағынына және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес маңызды бағыттар болып табылады.Қостанай облысындағы жағдайды баяндай келіп, облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Болат Байжасаров ерікті азаматтардан жасақталған қоғамдық құрылымдардың қоғамдық тәртіпті қорғаудағы үлкен көмегін атап айтты. Полиция көмекшілерін көтермелеу үшін облыстық бюджеттен үш миллион теңге бөлінгенін атап көрсетті.