ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Б.Бисенқұлов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Байболұлы Бисенқұлов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.