ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы тағайындалды
10:51, 29 Қыркүйек 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.