деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Серік Баймағанбетовтің хабарлағанындай, ІІМ бірінші жарты жылдықта Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды арттыру бойынша шаралар кешенін жүзеге асырды.
Тұтастай алғанда еліміздегі жедел жағдай тұрақты, тіркелген қылмыстардың жалпы саны 12%-ға төмендеген. Көптеген қылмыс түрлері, оның ішінде тонау, қарақшылық, ұрлық, кісі өлтіру, сондай-ақ топпен және жасөспірімдермен жасалған қылмыстар азайған. Қылмыстарды ашу көрсеткіштері жақсаруда.
Сонымен қатар, министр көшелер мен басқа да қоғамдық орындардағы құқық тәртібін қамтамасыз ету, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша қолданылып отырған шаралардың жеткіліксіз екендігін атап көрсетті.
Министр комитеттер мен ІІД бастықтарына ұйымдастыру жұмысының негізгі мәселелерін төменгі бөліністерге жүктеу жөнінде тапсырма берді. Аталған бөліністерге қоғамдық тәртіпті қорғау және қылмысқа қарсы күрес бойынша негізгі тапсырмалар жүктелген. Оларды кадрлық нығайту және материалдық қамтамасыз ету, күнделікті жедел-қызметтік жұмыстарында ұйымдастырушылық, практикалық және әдістемелік көмек көрсету тапсырылды.
Кадрлармен жұмыс істеу, тәртіпті күшейту және жемқорлықпен күресу өзекті мәселелер ретінде қала береді. Алқада полиция қатарындағы тәртіпті жолға қою бойынша атқарылған іс-шаралардың әзірге қажетті нәтижені бермегені атап көрсетілді. Сонымен қатар, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен өтініштерді есепке алу және тіркеуді қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар көзделді.
Министр ІІМ құрылымында жедел және сәйкес шаралар қабылдау мақсатында еліміздегі қылмыстық ахуалға ұдайы мониторинг жасайтын Ситуациялық орталық құру мәселесін зерделеуді тапсырды.