Бұл туралы Астана қаласында өткізілген брифинг кезінде Ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов хабарлады.
«Кеше Ішкі істер министрінің бұйрығымен Криминалды полиция комитетінің төрағасы болып Серік Біләлов тағайындалды», - деді Қ.Жұманов.
Қ.Жұмановтың айтуынша, полиция полковнигі С.Біләлов ішкі істер органдарындағы қызметін 1990 жылы бастады, учаскелік инспектор, жедел уәкіл, АІІБ бастығының орынбасары, ҚР ІІМ Криминалды полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
ҚР ІІМ Штабының бастығы болып Ержан Зағитов тағайындалды. Полиция полковнигі Е.Зағитов та өз қызметін 1990 жылы прокуратура органдарында бастаған. ІІМ аппаратында тергеу департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарып, заңгерлер қызметін басқарды, қазіргі тағайындауға дейін ІІМ Штабы бастығының орынбасары қызметінде болды, деп атап өтті баспасөз хатшысы.