мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында» көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру мақсатында «Рационализатор.Kz» республикалық рационализаторлық ұсыныстар байқауын жариялайды.
Министрлік баспасөз қызметінен хабарланғандай, аталған байқау халықтың инновациялық белсенділігін арттыру, инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау, экономиканың әртараптануындағы рационализаторлық қозғалыстың маңыздылығын, рационализаторлар мен олардың өндіріске енген шешімдерін таныту мақсатында жүзеге асып келеді.
Тұңғыш рет байқаудың телевизиялық нұсқасы 2010 жылы «Хабар» телеарнасында, ал 2011 жылдан бастап «Қазақстан» ұлттық арнасында жарық көріп келеді.
2013 жылдың жалпы жүлде қоры 5 (бес) миллион теңге. 1 орын - 2,5 млн. теңге, 2 орын - 1,5 млн. теңге және 3 орын - 1 млн. теңге.
Биылғы жылы «Рационализатор.Kz» байқауы тек шешімдері өндіріске енген рационализаторларды ғана емес, сонымен қатар рационализаторлық шешімдерді қолдаушы кәсіпорындарды да кеңінен насихаттауды мақсат етіп отыр. Байқаудың телевизиялық нұсқасы «Жылдың үздік рационализаторлық ұсынысы» және «Рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» аталымы бойынша жеңімпаздарының үздік еңбектерінен құралмақ.
Байқауға рационализаторлық ұсынысы елімізде өндіріске енгізілген жеке тұлғалар мен кәсіпорында рационализаторлық ұсыныстарды қолдау жүйесі бар заңды тұлғалар қатыса алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы байқаудың «Жылдың үздік рационализаторлық ұсынысы» аталымы бойынша жүлделі 1 орынды Жетісай қаласындағы «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ғалымдары Ибадулла Үмбетаев пен Оразбек Биғараев иеленіп, 1,5 млн. теңге көлеміндегі жүлдені еншілеген еді. Екінші және үшінші орындарды, тиісінше 1 млн және 750 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақыны «KSP steel» ЖШС қызметкері Вадим Савицкий (Павлодар қ.) және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» қызметкері Айгүл Айтбайқызы (Атырау қ.) өзара бөлісті. «Рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» аталымы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ жеңімпаз атанды.