Біржан Қанешев Техникалық ретттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін ол Маңғыстау облысы әкімінің инновациялық даму жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
Біржан Бисекенұлы Қанешев Саратов политехникалық институтының түлегі (РФ, инженер-экономист), ҚР Презиенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін (мемлекеттік басқару) және Массачусет технологиялық университетін (АҚШ) бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Саратов қаласында институт комсомол комитетінің хатшысы болып бастады, одан кейін көлік кәсіпорнында директордың орынбасары болды.
Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өнеркәсіп және қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Бөбек» қоры өкілдігінде атқарушы директор, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары болды.
1999 жылдан ҚР көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттандыру және байланыс комитетінің төрағасы, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы, ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы, «Самұрық» холдингі атқарушы директоры, басқарма мүшесі.
2008 жылдан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, одан кейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. Осы тағайындауға дейін Маңғыстау облысы әкімінің инновациялық даму жөніндегі орынбасары болды.