ҚР Канададағы Елшісі Коста-Рика Президентінің инаугурация салтанатына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада ҚР Канададағы Елшісі Константин Жигалов Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі ретінде Сан-Хосе қаласында өткен Коста-Риканың жаңадан сайланған Президенті Луис Гильермо Солистің инаугурация салтанатына қатысты.

Бұл туралы ҚР СІМ басапасөз қызметінен хабарлады. К.Жигалов Коста-Риканың Мемлекет басшысына Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан құттықтауын білдіріп, ҚР мен Коста-Рика арасындағы қатынастардың сәтті дамуына үміттенетінің айтты. Сапар шеңберінде Елші К.Жигалов Коста-Риканың Сыртқы істер министрі Мануэль Гонсалес Санспен кездесу өткізді. Әңгіме барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын белгілеп, сондай-ақ халықаралық деңгейде, әсіресе ядролық қауіпсіздік пен таратпауды қамтамасыз ету саласында өзара әрекеттесудің мақсатқа сай екенін атап өтті. Аталмыш салада екі ел атқаратын жұмыс халықаралық қауымдастық тарабынан жоғары бағаланады. Қоста-Рика тарабы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамашылық еткен «АТОМ» Жобасына, сондай-ақ Астанада Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі сияқты өркениеттер диалогын күшейтуге бағытталған шараларға үлкен қызығушылық танытты.