ҚР Қарулы Күштерінде байланысқа арналған машиналарды жетілдірді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштерінде Байланыс бас басқармасының мұқтаждығы үшін байланыс бөлімшелеріне арналған командалық-штабтық машиналар жаңғыртылды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны С.М. Киров атындағы зауыттың техникалық мамандары КАМАЗ автомобилінің базасында Р-142Н1 командалық-штабтық машиналарын жаңғырту жөніндегі құрастыру-технологиялық құжаттаманы әзірледі.
Зауыт мамандарымен зауыттық және әскери сынамалардан сәтті өткен ішкі байланыс аппаратурасы мен машина коммутациясы әзірленді.
Аппаратура басқару блогын, радист блогы және абоненттердің блоктарын қамтиды.
Командалық-штабтық машина тұрақта және қозғалыста байланысты, радиоарналар бойынша ақпараттың (дауыс және деректер) таратылуын қамтамасыз етеді, 500 метрге дейін ұзындықта желі бойынша радиостанцияларды қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді.
Радиостанциялардың GPS-қабылдағыштары өзінің орналасу орнының координаталарын автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Қарулы Күштердегі байланыс әскерлерді басқару мүддесінде ақпарат алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Байланыстың басты міндеті - қолбасшыларға (командирлерге) және штабтарға кез-келген жағдайда әскерлерді үздіксіз басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету, әскерлерге белгіні уақтылы тарату.
Әскери байланысқа қойылатын негізгі талаптар ол оны уақтылы орнату, жұмыс сенімділігі, іс-қимыл шапшаңдылығы.