Аэроұтқыр әскерлерінің, Құрлық әскерлерінің және Әуе қорғанысы күштерінің басшылығы әскери бөлімдерде болып, жеке құрамды мемлекеттік мереке - Конституция күнімен құттықтады. Ата Заң Тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі және елдегі қоғамдық-саяси жүйенің негізі болып табылады. Конституция - қоғамымыздағы тұрақтылықтың кепілі.
Мемлекеттің басты құжатының әлеуеті елдің одан әрі тиімді дамуының және қоғамдық-саяси процесте конституциялық құқықты жетілдірудің негізі болып отыр.
Елбасы - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қазақстан Конституциясы халық үшін жасалған, оны халықтың өзі қабылдаған және халық үшін қызмет етіп келеді деп сан мәрте айтып жүр.
Конституция елдің Тәуелсіздігін нығайтты. Біздің міндетіміз Ата Заңымызды Отанымыз бен туған тарихымызды құрметтегендей, көздің қарашығындай сақтай білу керек. Мемлекеттік институттардың, әрбір Қазақстан азаматының міндеті осы құндылықтарды аялай білу болса керек.
Мемлекеттің Тәуелсіздігі қуатты әскерімен баянды. Бүгін командирлер әрбір әскери қызметшіге Отанды қорғаудағы жанқиярлық еңбек - халық бостандығының, ел егемендігінің, тұрақтылықтың сенімді кепілі екенін жеткізді. Басшылық құрам сардарлар мен сарбаздарға әскери тәртіпті күшейтіп, жауынгерлік оқуды арттыруда Отан қорғаушысы деген жоғары атаққа адал болуды тілектестігін білдірді.