Атап айтсақ, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Тараз гарнизонының Офицерлер үйінде әскери қызметшілер Мүмкіндігі шектеулі адамдарды емдеу және оңалту орталығында мерекелік концерт ұйымдастырды. Әуендері жүрекке жол тапқан танымал қазақ сазгерлерінің патриоттық әндерін офицерлер шырқады.
«30 тамыз - бұл айтулы күн, тұтас мемлекетіміздің және қазақстандық халықтың ерекше тарихи күні. Сондықтан бұл мерекеде барлық қазақстандықтардың, жастар мен қарттардың, сіздің қамқорлығыңыз бен назарыңыз аса қажет адамдармен бірігу өте маңызды», - деді Тараз гарнизоны Офицерлер үйінің бастығы аға лейтенант Айман Сметова.