Оның қорытындысы бойынша әскерилендірілген көпсайыста, офицерлік үшсайыста, табельдік қарудан атуда, армиялық қоян-қолтық ұрыста және командирлер жарысы мен гір екісайысында ең мықты армиялық спортшылар анықталатын болады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігнің баспасөз қызметінен хабарлады.
Сайыс Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында өтіп жатыр. Қатысушылар барынша тырысып бағуда, себебі, жеңімпаздарды ерекше мәртебе, яғни Қазақстан Қарулы Күштерін ТМД қатысушы мемлекеттер достастық армиясының алғашқы әскери-спорттық ойындарында таныту мүмкіндігі беріледі. Халықаралық жарыс ағымдағы жылғы шілденің 24-і мен тамыздың 5-і аралығында Мәскеуде өтеді. Бұдан бұрын 70-ші Бас ассамблея және Кувейттегі армиялық спорттың бүкіләлемдік кеңесі конгресінде ресей тарапымен келіссөздер жүргізу барысында ҚР ҚМ АОСК өкілдері біздің 70 армиялық спортшының жарысқа қатысатыны туралы ниет білдірді.