ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің кәсіби даярлығы бойынша сабақтар өтеді. Бүгіннен бастап Қарулы күштер бойынша әскери қызметшілердің қауіпсіздік шараларын зерделеуі басталды. Ол сабақтар түрінде өтеді, сондай-ақ қауіпсіздік талаптары бойынша олардың теориялық және практикалық білімдері тексеріледі.
Әскери бөлімдерде әскери қызметшілерді қауіпсіздік талаптары бойынша оқытып-үйрету атқарып отырған әскери лауазымдары, біліктілік талаптары, атқарылатын міндеттердің, жағдайлардың ерекшелігі ескеріле отырып, құрылады.
Бұл ретте оқыту бағдарламалары, оқу жоспарлары мен жауынгерлік даярлық жоспарларына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану ерекшеліктеріне назар аударылады. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда әрбір пәнді зерделеу кезінде әскери қызметшілерге қауіпсіздік талаптары жеткізіліп, сабақ барысында олардың меңгеруі мен орындауы қамтамасыз етіледі.