ҚР Қарулы Күштеріне күзгі шақыруға әзірлік басталды
ағымдағы жылғы күзгі әскери мерзімді қызметке шақыруға жататын азаматтарды зерделеу, күзгі шақыру басталуына әзірлік қорытындысы және алда тұрған міндеттер жайында нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Шараға жергілікті әскери басқармамлар, қорғаныс істері жөніндегі департаменттер бастықтары және олардың орынбасарлары, медициналық шақыру комиссияларының төрағалары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің психологтары мен заңгерлері, сондай-ақ облыстар әкімдерінің орынбасарлары тартылды.
«Қарулы Күштер қатарына жастарды шақыру және оларды сапалы іріктеу тұтастай алғанда қазақстандық армияның жауынгерлік даярлығын қамтамасыз етеді, - деп атап көрсетті С.Жазұзақов. - Шақыру пункттерінің, соның ішінде медициналық комиссиялардың жұмыстарының жарқын көрінісі әскерлерден кері қайтарылғандардың саны азайып отырғанынан айқын көрінеді».
Бүгінде әскерлердің жастармен толығуы жаман емес. Сапалық құрамы едәуір өзгерді. Әскерге шақырылғандардың білім деңгейі де өсті, Биылғы көктемге Қарулы Күштер қатарына 14 мыңнан астам адам шақырылған болатын, күзде де осынша адам шақырылмақ. Ағымдағы жылдың шақыру көрсеткіштері орта арнаулы және орта және жоғары білімді азаматтар санының құрамы едәуір жоғарылағанын көрсетті. Сондай-ақ әскери-техникалық мектептерде оқудан өткен шақырылушылардың қатары арта түсуде.