ҚР Қарулы Күштерінің сержанттары өз біліктіліктерін шыңдауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 5 қарашасында Ш. Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында взвод сержанттарының кезекті біліктілікті арттыру курсы аяқталды, деп хабарлайды ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі.

Курс тактикалық, атыс, дене, инженерлік даярлық, әскери топография, техникалық дайындық, сондай-ақ, биылғы жылы енгізілген қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен көшбасшылық секілді пәндер бойынша біліктілікті арттыруды қарастырады. ҚР Қарулы Күштеріндегі сержанттар құрамын оқытып-үйрету үлгісіне Қазақстан Республикасының өзге де әлеуетті құрылымдары қызығушылық білдіріп отыр.

 

Сонымен, осы курста білім алған ҚР Мемлекеттік күзет қызметі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілерімен өзара іс-қимыл ретке келтірілді.   

2016 жыл бойынша Ш. Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының базасында 400-ге жуық сержант әртүрлі курс бойынша білім алғандарын айта кетейік.