Кездесу Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолғабыс етуімен ұйымдастырылды. Шарада Наталья Коржова DP WOLRD FZE бірінші вице-президенті Маха әл-Каттанимен екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Тараптар Қазақстанда, Орталық Азия және ТМД елдерінде бірлескен жобаларды іске асыру, кадрлар даярлау мәселелеріне жіті назар аударды.
Кездесуде халықаралық қатынастардың дамуы, тәжірибе алмасу, оқыту стандарттарын арттыру - еңбек нарығындағы мамандарға деген сұраныстың кепілі екені айтылды. Шара соңында өзара түсіністік және ықпалдастық туралы құжаттарға қол қойылды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Dubai Port World компаниясының озат технологиялары мен тәжірибесі Қазақстанда «Қорғас - Шығыс қақпа» және «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақтарын басқару ісінде қолданылып отыр.
Сондай-ақ Жаһандық ислам экономикалық саммиті барысында Дубай халықаралық қаржы орталығының және Дубай Ислам экономикасын дамыту орталығының басшылығымен келіссөздер жүргізілді.
12:38, 31 Қазан 2018
ҚР «Қаржы академиясы» АҚ мен DP WORLD FZE іскерлік ынтымақтастық орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубай қаласындағы Жаһандық ислам экономикалық саммиті аясында 30 қазан күні ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы академиясы» АҚ президенті Наталья Коржова DP WORLD FZE басшылығымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.