ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды
18:17, 06 Наурыз 2012
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішевтің бұйрығымен ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды.
Бұл лауазымға Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бұрынғы басшысы Тен Игорь Викторович пен Мүлкин Сейітқали Жалмұхамедұлы тағайындалды.