деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы қаңтардың 20-сындағы бұйрығымен аталмыш Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы қызметіне - Александр Кочубей; Маңғыстау облысы бойынша - Әнуар Шөжеғұлов; Қызылорда облысы бойынша - Александр Сәрсембеков; Атырау облысы бойынша - Құрманғали Тасмағанбетов және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне Әбдікерім Уәлиев тағайындалды.