ҚР Қаржы министрлігі Мониторинг комитетіне жаңа төраға тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Б.Сұлтановтың бұйрығымен бүгін Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметіне Бисенғали Шамғалиұлы Тәжияқов тағайындалды.

Бисенғали Тәжияқовтың Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінде 46 жылдық еңбек өтілі бар. 1997 жылдан 1999 жылға дейін ол ҚР Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы, Мемлекеттік кіріс министрінің міндетін атқарушы - Мемлекеттік кіріс вице-министрі қызметтерін атқарған. 1999 жылдан бастап ол ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған. «Құрмет» (1996), «Парасат» (2006) және «ІІІ дәрежелі Барыс» (2011) ордендерімен марапатталған.