Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов мəлім етті.
"Біз панама офшорларынан хабардармыз, жұмыс істеп жатырмыз. Қазір сараптамалық жұмыс жүргізудеміз, мəліметтер базасы сəйкестендіріліп жатыр",- деді журналистерге Ж.Сұрағанов.
Естеріңізге сала кетейік, "панама офшоры" деген атышулы тізімде Қазақстандағы шенеуніктердің, бизнесмендер мен өзге де тұлғалардың аты-жөндері жарқ еткен.
ICIJ халықаралық журналистік зерттеу консорциумы 9 мамыр күні Панамадағы Mossack Fonseca заң фирмасының əлемдегі 200 мың клиенті туралы ақпаратты жария етті. Соның ішінде Қазақстанның 8 заңды тұлғасы, 265 жеке тұлғасы, 7 делдал мен 243 мекенжай бар.