2012 жылдың 1-тоқсанында қаржы полициясы органдарымен 5 125 қылмыс тіркелді, оның ішінде 1 107-і - сыбайлас жемқорлық, 3572-сі - экономикалық қылмыстар.
Қаржы полициясы органдарымен тіркелген қылмыстар бойынша келтірілген залал мөлшері 70 млрд.теңгені құрады, қазіргі таңда оның 29 млрд. теңгесі тергеу барысында қайтарылды.
Ведомство басшысы айтқандай, шағын және орта бизнес қызметін тексерулердің санын және қызметкерлердің кәсіпкерлік субъектілерімен қатынастарының негіздерін азайту бойынша қабылданған ұйымдастырушылық шаралардың нәтижесінде бизнеске жасалатын қысым деңгейі айтарлықтай төмендетілді. Жасалған қылмыстың нақты белгілері жоқ жағдайда бизнесті тексерудің деректеріне қатаң тыйым салынады.
Р.Түсіпбеков Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі салаларлық бағдарламаға енгізілген өзгертулерге сәйкес «Қаржы полициясы органдары туралы», «Әкімшілік процедуралары туралы» заңдардың жаңа редакциядағы жобалары жасалатындығын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілетіндігін атап өтті.
Құқық шығармашылық қызмет шеңберінде мемлекеттік органдарды мемлекеттік сатып алулардың жеңімпазы туралы мағлұматты сатып алу жүргізілген соманы көрсете отырып, сайттарда орналастыруға міндеттейтін өзгертулерді енгізу ұсынылды. Бұл жұртшылыққа сатып алынған тауарлар мен қызметтерді олардың нарықтық бағаларымен салыстыруға мүмкіндік береді.
Оған қоса, мемлекеттік сатып алулар саласында ашықтықты қамтамасыз ету үшін тендерлердің жеңімпаздарымен алынған мемлекет қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді ету ұсынылды.
«Коммерциялық ұйымдар, егер олар бюджет қаражатына жұмыс істегілері келсе, өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметін толығымен ашуы қажеттігін түсіну керек», - деп атап өтті Р.Түсіпбеков.
Сонымен бірге, Р.Түсіпбеков азаматтық қоғамның субъектілерін кеңінен қатыстыра отырып, сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстардың алдын-алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ширатуды талап етті.