деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы, 192, 235-бабының 4-бөлігі, 220-бабының 1-бөлігімен қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қаржы полициясының іздеуінде жүрген О.Ержанов 2010 жылғы 1 наурызда Мәскеу қаласында ұсталған болатын. О.Ержановты экстрадициялау бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жүргізген жұмыстардың нәтижесінде ресейліктер тарапынан оны Қазақстанға беру туралы шешім қабылданды.
Қылмыстық іс бойынша әрі қарай тергеу жұмыстарын жүргізу үшін О.Ержанов Астана әуежайында қаржы полициясы органдарына тапсырылды.