ҚР Кәсіпкерлік кодексінің жобасын дайындау мерзімі 2015 жылдың ортасына дейін созылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Кәсіпкерлік кодексінің жобасын дайындау мерзімі 2015 жылдың ортасына дейін созылуы мүмкін. Мұндай ұсынысты бүгін Астанада өткен «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің жобасы: қазіргі жағдайы және перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар көтерді.

«Бүгін біз қазіргі қолда бар КК жобасындағы ережелер туралы айтатын боламыз. Конференция қатысушылары Мемлекет басшысының 27 ақпандағы«ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметке деген шарттардың жақсаруына түбегейлі шаралар туралы» Жарлығы аясында өз пікірлерімен бөліседі деп үміттенем», - деп атап өтті өз сөзінде ҚР Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина.

Ол сондай-ақ, КК жобасын жасаушылар назарынан бұған дейінгі екі конференцияда талқыланған ережелердің де тыс қалмағанын атап өтті.

Шараға қатысушылардың пікірінше, Кәсіпкерлік кодексі жобасын дайындау мерзімінің ұзартылуы бұрынғы ҚР Кәсіпкерлік кодексін қабылдау кезінде уақыттың аздығынан көптеген мәселелердің терең зертелмей қалуы сияқты олқылықтардың алдын алуға көмектеседі.

Шараға мемлекеттік орган қызметкерлері, ҚР Парламенті депутаттары, отандық және шетелдік ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.