ҚР Кәсіподақтар федерациясы: Барша еңбек ұжымы ҚР Президентінің алға қойған міндеттерін іске асыруға жұмыла кірісуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан кәсіподақтар федерациясы жуырда өткен ұлықтау рәсімінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформалары негізінде елдің одан әрі дамуын қолдайды. Бұл туралы ұйымның Мемлекет басшысын сайлаудағы жеңісі үшін құттықтаған хатында айтылады.

«Ұлықтау рәсімінде өзіңіз атап өткендей, 5 бастаманы іске асыру экономиканы одан әрі дамытуға және қоғамның әлеуметтік табыстылығын арттыруға ерекше серпін береді. Индустрияландыру - экономиканың аспабы ғана емес, орташа сыныпты және өңдеуші сектордың үлесін дамытудың маңызды факторы. Индустрияландыру жобаларын іске асыру арқасында шағын және орта кәсіпорындар артып, қосымша жұмыс орындары ашылады. Шикізатты терең өңдеу үрдістерін, жаңа технологияны енгізу есебінен бірқатар қазақстандық экспорттық өнімді кеңейту міндеті қойылды», - делінген хатта.

Бұдан басқа, үшінші институционалдық реформа елдің аграрлық секторының артуын көздейді.

«Жаңа кешенді бағдарлама негізінде трансұлттық компаниялардың қатысуымен 10 ірі өңдеуші жобалар іске асырылатын болады. Бүгін күллі мемлекеттік органдар, еңбек ұжымдары аталған міндеттерді іске асыруға жұмыла кірісіп кетті. Қазақстан кәсіподақтар федерациясы елдің тұрақты дамуына бағытталған Сіздің бастамаларыңызды әрдайым қолдайды», - делінген құттықтау хатта.