ҚР Кәсіподақтар федерациясы еңбек ұжымдарын сабырлылыққа және төзімділікке, ал жұмыс берушілерді қызметкерлерінің проблемаларын дер кезінде шешуге шақырды

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 16 желтоқсандағы Жаңаөзен қаласындағы оқиғаларға байланысты ҚР Кәсіподақтар федерациясы еңбек ұжымдарын сабырлылыққа және төзімділікке, ал жұмыс берушілерді қызметкерлерінің проблемаларын дер кезінде шешуге шақырды.

Бұл туралы Федарацияның 17 желтоқсанда, сенбі күні БАҚ-қа таратылған мәлімдемесінде айтылған.

ҚазАқпарат мәлімдеменің толық мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2011 жылғы 16 желтоқсандағы Жаңаөзен қаласындағы оқиғаларға байланысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы адам құрбандарына әкеп соққан жаппай тәртіпсіздіктерді терең қайғырған сезіммен және алаңдаушылықпен қабылдады.

Біз еңбек ұжымдары мен кәсіподақ мүшелері Конституцияға және құқық тәртібіне қарсы әрекеттерге қатыспағанын мәлімдейміз.

Тіпті жаппай жұмыссыздық жайлап, еңбекақы мен зейтетақылар төленбеген ауыр жылдардың өзінде кәсіподақтар мен қызметкерлер проблемаларды заң ауқымында және келіссөздер жолымен шешіп, мұндай зомбылық әдістеріне ешуақытта бармаған болатын.

Біз барлық еңбек ұжымдарын, кәсіподақ ұйымдарын, кәсіподақ мүшелерін тыныштық пен төзімділік сақтап, мемлекеттегі бейбіт тәртіп пен тұрақтылықты бұзуға бағытталған арандатушылыққа, жалған ақпараттар мен сыбыстарға берілмеуге шақырамыз.

Біз сондай-ақ жұмыс берушілерге еңбек заңнамасын және келісімдерді, ұжымдық шарттарды сақтап, келіссөздерден жалтармауға, қызметкерлердің проблемаларын байсалды және дер кезінде шешіп отыруға шақырамыз.

Біз әлемдік кәсіподақтар қоғамдастығын - Халықаралық кәсіподақтар конферерациясын, жаһандық кәсіподақ бірлестіктерін асығыс қорытындылар және мәлімдемелер жасамауға шақырамыз, Қазақстанда Конституцияның 24-бабына сәйкес ереуілдерді қоса алғанда ұжымдық еңбек даулары оларды заңдарда белгіленген тәртіптермен рұқсат етілген тәсілдермен шешіледі.

Жаңаөзен қаласындағы оқиғаларға тиісті құқықтық баға беріліп, шаралар қабылданатын болады.

Біз мемлекеттік органдарды Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, зомбылықтар мен тәртіпсіздіктерге үндейтін сыртқы және ішкі қалыпты жағдайды бұзатын элементтердің әрекеттерінің жолын кесуге шақырамыз.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы құқықтық мемлекет бола отырып, Қазақстанда әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуге және ертеңгі күніне сенімді болуы үшін барлық алғышарттар бар деп мәлімдейді.

Астана, 2011 жылғы 17 желтоқсан.