«Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Парламент жұмысы отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың жаңа векторын қалыптастырып, әлемдік жоғары стандарттарға сай келетін еңбек қатынастарының жаңа сипатын құруға ықпал етеді. Парламент Мәжілісі депутаттарының жаңа шақырылымына барша қазақстандықтардың игілігі үшін таусылмас күш-жігер мен жемісті жұмыс тілейміз»,-деді ол.
Сонымен қатар Ә. Құсайынов өз сөзінде екі миллион адамды біріктіріп отырған федерация атынан «Нұр Отан» партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
«Дағдарысқа қарсы іс-қимылдар кезеңінде қазақстандықтардың таңдауы биліктің заңнамалық және өкілетті тармағына кезекті рет халықтың сенімін нақтылап отыр. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды науқанында ұсынылған бастамалары ұлттық бірліктің негізгі элементі ретінде көрініс тапты», - деді Ә. Құсайынов.