ҚР Кәсіподақтары федерациясы Президенттік сайлаудың қорытындысына қолдау білдіреді

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Кәсіподақтары федерациясы Президенттік сайлаудың қорытындысына қолдау білдіреді, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметінен.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылы бойында Елбасы кәсіподақтар қозғалысын үнемі қолдап келеді. Олардан еңбек адамының ертеңгі күніне деген сеніміділікті қамтамасыз ете алатын қабілетті, айқын күшті көреді, мемлекетіміздің игілігі үшін жұмыс жасауға жағдай жасайды», - делінген федерация мәлімдемесінде.

Мәлімдемеде атап көсретілгендей, ел экономикасының барлық салаларының және әлеуметтік саласының еңбекшілері өз үміттерін қазақстандықтардың болашағы мен әл-ауқатын жақсартады деген сеніммен тек қана ҚР Президенті Н.Назарбаевпен тығыз байланыстырды. Сондай-ақ кәсіподақтар Елбасының басшылығымен Қазақстанда қоғамдық өмірді демократияландыру бағытының жалғасатындығына, еңбекшілердің әлеуметті-экономикалық мәселелерінің шешілетіндігіне және саяси жүйенің жаңаратындығына сенім білдіреді.

«Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың жүргізетін реформаларының айнымас қолдаушысы және одан әрі де солай болып қала береді. Мемлекет басшысының сайлаудағы жасампаз жеңісімен құттықтап, мықты денсаулық және біздің Отанымыздың игілігі үшін атқаратын қызметіне табыс тілейміз», - делінген мәлімдемеде.