ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қорғаныс министрлігінің делегациясымен кездесті

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Ақорда Резиденциясында ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қорғаныс министрлігінің жоғарғы лауазымдарынан құралған АҚШ делегациясымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Орталық Азияда өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруды қоса алғанда өзара ортақ мәселелер бойынша пікірлер ортаға салынды.

Сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызы атап көрсетілді.