ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы халықаралық жиынға қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін жоғары өкілдердің VIII халықаралық кездесуіне қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі ұйымдастырған шараға әлемнің 90-нан аса елінен келген делегация қатысты. Жиында халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық мәселесі негізгі тақырыптардың бірі болды.

Жиында сөз алған В. Жұмақанов тәуекелдер, сын-қатерлер және ақпараттық саладағы қауіптерге қарсы тұратын әлемдік қоғамдастықтың жан-жақты және үйлестірілген күштерінің маңыздылығын атап өтті.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы шара аясында басқа мемлекеттерден келген әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді.