Қазақстанның көлік тартымдылығын арттыру жөнінде қабылданған шаралар, тасымал қауіпсіздігін қамтамасыз ету нәтижелерін баяндап берді.
«Министрдің мәлімдеуінше, соңғы 10 жыл ішінде көлік-коммуникация кешенін дамыту мақсатында 1,4 трлн. теңге игерілген. Мемлекет басшысының беделінің арқасында, тіпті әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында көлік секторына сомасы 4,2 млрд. АҚШ доллары көлемінде займ тартуға мүмкіндік туды. Хромтау-Алтынсарино, Ақсу-Дегелең, Шар-Өскемен теміржол учаскелері пайдалануға берілді, республикалық және жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдарының 39 мың шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді, қалпына келтірілді және жаңадан салынды. Қазіргі уақытта көлік-коммуникация кешенінің негізгі көрсеткіштерінің көлік бойынша жалпы қосымша құнын 63 пайызға ұлғайтуға бағытталған 58 жоба іске асырылуда», - делінген ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық автомобиль жолдарының 85 пайызын және жергілікті желілердің 70 пайызын жақсы және қанағаттанарлық деңгейіне жеткізу, темір жолдар бойынша жүк тасымалының жылдамдығын 15-20 пайызға арттыру, оның ішінде, халықаралық дәліздер бойынша 20-30 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Азаматтық авиациада 7 ұшу-қону алаңын және 7 терминалды қайта құрылымдау, аэронавигациялық жүйені жетілдіру міндеттері тұр. Ертіс өзеніндегі кеме шлюзі жаңғыртылатын болады, Ақтау теңіз айлағы кеңейтіледі.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын орындау барысында көлік медицинасын дамыту жөнінде жұмыстар ұйымдастырылатын болады