ҚР Кедендік бақылау комитетінің басшылығы шілде және қыркүйек айларының аралығында азаматтарды қабылдайды

Фото: None
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті басшылығы шілде мен қыркүйек айларының аралығында азаматтарды өздерін толғандырған мәселелер бойынша қабылдау өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат осы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов азаматтарды шілденің 11-і, тамыздың 14-і және қыркүйектің 11-і күндері қабылдайды. Тілек білдірушілер төрағаның орынбасарларының қабылдауларына да жазылуға болады.

Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Сержан Дүйсебаев шілденің 16-сы, тамыздың 13-і және қыркүйектің 17-сі күндері; Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жарқынбек Оспанов - шілденің 15-і, тамыздың 12-сі және қыркүйектің 9-ы күндері; ал Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен - шілденің 6-сы, тамыздың 10-ы және қыркүйектің 14-і күндері қабылдайды.

Қабылдау уақыты 16.30-дан 18.30-ға дейін. Қабылдауға (8-7172) 79-45-79 телефоны бойынша жазылуға болады.