ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау саласы бойынша өзгерістер енгізетін құжатты сенаторлар екінші оқылымда қарайды

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыс барысында аталмыш құжат бойынша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Динар Нөкетаеваның сөзіне қарағанда, заң жобасы қолданыстағы денсаулық сақтау саласына қатысты заңнамалық актілерді «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жобасына сәйкестендіру мақсатында әзірленген. Оған сәйкес, еліміздің Қылмыстық кодексіне медицина қызметкерлеріне клиникалық зерттеулерді өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуді қарастыратын өзгеріс енгізіледі. Ал «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске «Темекі мен темекі бұйымдарын сату және темекі мен темекі бұйымдары жөніндегі ақпарат туралы» заңнаманы сондай-ақ алкоголь өнімдерін сату және өткізу талаптарын бұзғаны үшін де жауапкершілік белгілейтін өзгерістер енгізіледі. Сонымен қатар тиісті жауапкершіліктерді қарастыратын өзгерістер медициналық қызмет көрсету мәселелеріне байланысты да енгізіледі.Отырыста депутаттар заң жобасын бірауыздан мақұлдап, оны екінші оқылымда қарау үшін дайындауға жіберді.