ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
15:28, 13 Қаңтар 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кемелердің қауіпсіз жүзуі мен олардың навигациялық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.