ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер енгізуге бағытталған құжат екінші оқылымда мақұлданды

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыста заң жобасы бойынша баяндама жасаған депутат Светлана Бычкованың айтуынша, құжат еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, ол мемлекеттік орган өкілдерінің аталмыш қылмыс бойынша жауапкершіліктерін арттыруды көздейді.