Қазіргі уақыттаәскерлер мен жеке құрамның жазғы оқу кезеңіне дайындығын жоспарлы тексеру басталып кетті. ҚР ҚК әскери бөлімдері мен құрамаларында сапалы дайындықты ұйымдастыру мақсатында жазғы оқу кезеңінің тактикалық-саптық сабақтарын жоспарлау, ұйымдастыру және оларды өткізу жөніндегі нормативтік-құқықтық актілері әзірленуде.
Әскери бөлімдерде әскери қызметшілерді оқыту біліктілік талаптарын, атқаратын міндеттерінің ерекшеліктерін, шарттарын, атқаратын лауазымын ескере отырып, қауіпсіздік талаптары негізінде жасалды. Сонымен қатар, қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне ауыстыру, далалық жағдайларда сабақтарды өткізу үшін материалдық оқу-жаттығу базасын дайындау жөнінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
2017 жылдың Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштерінде маусым айының 1-9 аралығында Әскерлердің жауынгерлік даярлық мәселелері бойынша тактикалық-саптық сабақтар өтетінін айта кеткен жөн.