ҚР ҚК әскери химиктері 5 елдің арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен бірлесіп, арнайы операцияларды орындамақ (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс жеке батальонының 70-тен астам жауынгері Псков (Ресей) қаласында өтетін «Өзара іс-қимыл-2015» ҰҚШҰ ЖДҰК арнайы мақсаттағы күштерімен және әскери контигенттерімен бірлескен оқу-жаттығуға қатысады.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. РХБҚ бөлімшелеріне ҰҚШҰ елдерінің ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуына бірінші болып қатысу маңызды міндеті бұйырды. Біздің әскери химиктер алда РХБ барлау бойынша тапсырмаларды орындайды, жауынгерлік іс-қимыл аудандары мен интернационал әскери контигенттерінің арнайы пысықтайтын жай-күйін бағдарлайды. Осы орайда 20 бірлік заманауи қару-жарақ және РХБ қорғаныс заттары бөлінді.

Атап айтсақ, РАСТ-1kz және РАГ-2kz есептік-талдау кешендері, АРС-14kz газсыздандырылған көліктері, санитарлық өңдеу кешендері, радиациялық және химиялық құрылғылар. Қазіргі кезде Қапшағайдан барлық арнайы техниканы оқу-жаттығу орнына жөнелтті.

Естеріңізге сала кетсек, «Өзара іс-қимыл-2015» тамыздың 24-28 аралығында үш кезең бойынша өтеді. Бастапқы кезеңде Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері жоғарғы жауынгерлік даярлыққа келтіріліп, ҰҚШҰ мемлекеттерінің бірінің аумағынан келесі шоғырлану ауданына жіберілетін болады. Олар шартты қарулы қақтығысты шектеп, қылмыстық топтарды жойып, жауапкершілік аумағындағы «басып алынған» стратегиялық нысандарды күзетке алады.

Өткен жылы бұл оқу-жаттығу Қазақстанның Қарағанды облысы «Спасск» полигонында өткен болатын. Жалпы оқу-жаттығуға қатысқан алды елдің әскери контигенттері, жедел топтары және арнайы мақсаттағы күштік құралымдарының саны 3000-ге жуық адамды құрады.