2005, 2009, 2011 және 2014 жылдары елімізде әскери парадтар өтті. Былтырғы жылы салтанатты парадқа барлық әскер түрлері мен тектерінің, жоғарғы әскери оқу орындарының 2 600-дей әскери қызметшілері, жалпы саны 217 бірлік әскери техника мен 73 бірлік авиациялық техника қатысты. Алдағы парад мемлекетімізде бұрынғы өткен әскери парадтардың ең ірісі болатын жөнінде айтылуда. Бүгінгі күннің өзінде екі есе көп жеке құраммен жұмыс істеу және ҚР Қарулы Күштерінің заманауи тұрғыдағы әскери техникаларымен бірге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қару-жарақтармен армияны таныстыру жоспарланып отыр.