Бұл туралы және басқа жаңалықтар туралы өткен жылдың қорытындыларын шығара келе, ҚР ҚК ӘТК Бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов мәлімдеді.
«Біз келісімшартпен жұмыс істеуге көшудеміз, сондай-ақ келесі жылдан бастап ҚР барлық Қарулы күштеріне әскери дайындықтың жаңа бағдарламасы енгізілуде. Резервті дайындауға көп көңіл бөлінуде. Әскери-теңіз күштерінің оқу орталықтары арқылы осы жылы біз Батыс Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан 350 әскери міндеттегілерді дайындадық.
Айлық жиын бұрын әскери борышын өтемеген, 28-29 жастан асқан азаматтар арасында өткізілді», - деді ол.