ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің барлық байланыс әскери бөлімдерінде кешенді жаттықтыру өтті (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әуе қорғанысы күштері байланыс әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің жеке құрамы ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес командалық-штабтық оқу-жаттығуды өткізді.

Онда Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі бөлімшелерімен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Әуе қорғанысы күштерінің барлық байланыс әскери бөлімдерінде кешенді жаттықтыру өткізілді. Далалық байланыс торабы жедел кезекшісінің белгісі бойынша батальондар жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді және толық құрамда қолдану аудандарына марш жасады. Өрістету орындарына келгеннен кейін тропосфералық стансалардың бастықтары алдын ала барлауды жүргізді және бағынысты экипажға тапсырмалар берді.

«Әскери бөлімнің жеке құрамы үшін апта сайын өткізілетін жауынгерлік және тактикалық-саптық даярлық жоспарына сәйкес жыл сайын экипаждар үйлесімді жұмыс жасауда, өздерінің машығы мен кәсіпқойлығын арттыра отырып, қойылған тапсырманы уақтылы және сенімді орындайды», - дейді 78460 ә/б командирі полковник Ойрат Әтікенов. Далалық жаттығу қорытындысы бойынша жеке құрам қойылған тапсырманы орындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. «Далалық шығудың қысқа мерзімі ішінде оқу-жаттығу сапалы өтті. Жеке құраммен радиолокациялық стансаларға арналған орлар қазылды, бүркемелеу және байланыс орнату ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу барысында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бойынша сабақтар, сондай-ақ диверсиялық барлау топтарының шабуылдарын тойтару жөнінде қосымша кіріспелер өткізілді», - деп атап өтті Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы бас штабы бастығының орынбасары полковник Ғани Байсейітов.