«Егер былтырғы мәлiметтерге қарасақ, әскерге шақырылғандардың 120 мыңнан астамы медициналық комиссиядан өттi. Олардың 77 пайызы мерзiмдi әскери қызметтi атқаруға жарамды деп танылды. 8 пайызы бейбiт уақыттары әскери қызметке жарамды. 15 пайызында терапевтикалық бағыттағы аурулар анықталған, оларға тексерiлуге және емделуге уақыт берiледi. 13 пайызында хирургиялық ем-домды қажет ететiн дерттер табылды, олардың iшiнде варикоцеле, несеп жолдары аурулары. Сонымен қатар, тiрек-қозғалу жүйелерiнiң аурулары, майтабан, скалиоз бар», - дейдi ол.
16:32, 26 Наурыз 2015
ҚР ҚК қатарына шақырылғандардың 20 пайыздан астамы әскерге жарамсыз
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚК қатарына шақырылғандардың 20 пайыздан астамы әскерге жарамсыз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Қорғаныс министрлiгiнiң Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы әскери қызметшілерді сараптау және әскери жоғары оқу орындарын жасақтау бөлімшесінің бастығы полковник Нұржан Артықов мәлiм еттi.