ҚР ҚК-нің 500-ден астам сержанты еліміздің және шетелдің жоғары оқу орындарында қосымша білім алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштері сержанттар корпусының 479 өкілі 2015 жылы Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарында қосымша білім алуға мүмкіндік алды.

Олардың ішінде 225 әскери қызметші взвод сержанты курсын оқыды, 52-сі батальон сержанттары курсын, 35-і жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушылар курсын, 22-сі бригада сержанттарының курсын, 3-уі академиялық курсты аяқтады. Курстар Ұлттық қорғаныс университетінің, сондай-ақ ҚР ҚК оқу-жаттығу орталықтарының базасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қазіргі кезде әскери қызметшілерге шетел жоғары оқу орындары да қолжетімді болып келеді. Биылғы жылы 30-дан аса сержант шетелде біліктілікті және тіл даярлығын арттыру курстарында оқудан өтті. Ал келесі жылы қол жеткізілген келісімділік шеңберінде алғаш рет Қазақстан Әскери-әуе күштерінің сержанттарын АҚШ-қа арнайы оқу курсына жолдау, сондай-ақ АҚШ ӘӘК сержанттар құрамына арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу техникалық мектептері мен орталықтарына жиі түрде шығуды ұйымдастыру жоспарлануда. Қазақстанның Қарулы Күштерінде армияның кәсіби негізі ретінде сержанттар құрамын даярлау мен қайта даярлауға қазіргі уақытта үлкен көңіл бөлінуде. Басқару жүйесінің бастапқы буыны бола отырып, сержанттар командалық құрамның анағұрлым көп бөлігін құрайды. Олардың кәсібилігінен көбінесе әскерлердегі тәртіп байланысты.