ҚР ҚМ армиялық спортшылары президенттік көпсайыстан алтынды иеленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары Қазақстанның Ұлттық құрамасы құрамында бүгін Ресей Федерациясының Ялта қаласында аяқталған президенттік көпсайыстан (полиатлоннан) халықаралық чемпионатта жеке есепте алтын және қола медальдарын иемденді, деп хабарлады mod.gov.kz.

Халықаралық спорттық аренада еліміздің намысын АОСК-ның кіші сержанты Елена Лютенец, АОСК-ның қызметкері Артур Бальзам еліміздің намысын қолдан бермеді. Жеке сынақта Артур Бальзам бес түрдің қорытындысы бойынша бірінші орынға шығып, алтын медальмен марапатталды, ал кіші сержант Елена Лютенец үшінші орын алып, қола жүлдені иемденді. Қазақстандық спортшылар спорттың бірнеше түрі: оқ ату, спринт, жүзу, граната лақтыру және кросстан өнер көрсетті. Президенттік көпсайыс бойынша халықаралық чемпионатқа әлемнің 13 елінен 196 спортшы қатысқанын атап өткен жөн. Сайыс қорытындысы бойынша екі әскери қызметші өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық құрамасы екінші жалпыкомандалық орынға қол жеткізді.