ҚР ҚМ: Әскери журналистерді дайындау бойынша алғашқы тәжірибелік семинар аяқталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығында биылғы жылы Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде бірінші рет өткізіліп отырған журналистерге арналған «Әскери дискурс» ерекше тәжірибелік семинары аяқталуға жақын қалды.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 10 шілдедегі қорытынды күні журналистерге алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері, қазақстандық армияның жарақтандыруындағы қару көрмесі көрсетілді. Сондай-ақ полигонда жауынгерлік қарудан көрсетілімді оқ атулар ұйымдастырылды. Осы оқиғаның соңғы нүктесі пейнтбол ойнау болды. Ол журналистер мен ҚР ҚМ арнайы бөлімшелерінің әскери қызметшілерінен құралған екі команда арасында өтті.

Практикалық семинарды қорытындылай отырып, үш күн ішінде жетекші телеарналардың, радиостанциялардың, республикалық газеттер мен журналдардың, ақпараттық агенттіктердің журналистері «ыстық нүктелерде» жұмыс істеуге қатысты және әскери оқиғаларды жарыққа шығару ерекшеліктері туралы көп тың жаңалық алды. Олар шартты содырлардың автомобильді легіне кенеттен шабуыл жасау кезінде кепіл ретінде болды, арнайы мақсаттағы жауынгерлермен бірге заңсыз бандқұралымдардың өкілдері орналасқан елді мекенді тазартуға қатысты, қарудың және жарылғыш заттардың кейбір түрлері, қауіпсіздік шаралары, артиллерия және гранатаатқыштармен атып өту кезінде өзін-өзі ұстау қағидалары, миналық алаңдарды айналып өту әдістері туралы мәлімет алды.