Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің даярлығына енгізілген сабақ бұл семинардың жаңалығы болды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Осылайша тілшілер «барлаушы жолымен», яғни әскери жағдайда барынша жиі кездестіретін кедергілермен және қоршаулармен жабдықталған жер учаскелерінен өтуге тамаша мүмкіндік алды. Журналистер бір-біртіндеп «барлаушы жолының» негізгі элементтері - үш метр биіктіктегі арқаннан жасалған көпірден өтті. Бұл жаттығулар жауынгерлік іс-қимыл барысында топтасып өтудің жинақылығын пысықтау болып табылады. Топ құрамындағы адамның біреуі көпірден өтуді меңгеру техникасын бұзса, көпір қатты шайқалып, сәйкесінше одан өту барынша ауырлай түсетіні журналистер үшін бірінші қиыншылық болды. «Бұл көпір маған үлкен сынақ болды. Ең қызығы, жерде тұрып қарағанда көпірден өту өте оңай көрінді. Дегенмен оған аяқ басқаным сол еді, ол менің салмағыммен шайқала бастады, басқа адамдардың салмағына қарай тепе-теңдікті сақтау және өту тіпті қиын. Шындығында бәрін ұмытып, бұл көпірден жылдам өту керек», - деп бөлісті өз сезімімен семинарға қатысушылардың бірі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жолы журналистердің психологиялық даярлығына ерекше мән берілген. БАҚ өкілдеріне арнап танысуға, ұжымға бірігуге бағытталған психологиялық жаттығулар, ойындар өткізді. Осы орайда журналистер қарулы қақтығыстар аумағына қажетті қолайлылық жасап, ұжымды сезінуге және дамытуға септігін тигізді. Бұдан өзге бір оқиға кезінде бірінші рет өзара іс-қимылға қатысқан серігіне сенім білдіру де маңызды болып саналады.