ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылдың 14 ақпанындағы № 70-л/с бұйрығына сәйкес, Аниятулла Өмірзақұлы Сәрсенов Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аниятулла Өмірзақұлы 1969 жылы дүниеге келген, қазақ, жоғары білімді.

1990 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті сараптау», 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану»  мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.