АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Қанат Досмұқаметов 2012 жылғы 24 ақпаннан бастап өз еркімен атқарып отырған қызметінен босатылды,
деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының міндетін атқару 2012 жылғы 24 ақпаннан бастап осы Комитет төрағасының орынбасары Рақымжан Нұрсейітовке жүктелді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.