Жауынгерлік парад - кез келген армияның қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Мұнда әскерлер парадынан айырмашылығы әскери техниканың бар күш-қуатын көруге болады. Жасанды нысанаға зымыраннан ату, бомба лақтыру, қару-жарақтың барлық түрінен ату, жоғары пилотаждың түрлі фигураларын орындау, әуе соғысын жүргізу, десантшылар тобын әуеден жерге түсіру және т.б.
Қазақстан Қарулы Күштерінің тұңғыш жауынгерлік парадында 400-ден астам әскери техника («Точка-У» тактикалық зымыран кешендері, «Штурм-С» танкіге қарсы зымыран кешені, БТР-82А бронетранспортерлері), 80-нен астам ұшақ пен тікұшақ түрлері халықтың назарына ұсынылды. Сонымен қатар, отандық кәсіпорындарда шығарылған және жаңартылған қару-жарақ түрлері, атап айтқанда «Тұлпар» қар және саз балшықта жүретін машинасы, ЕС-145 Қазақстанда құрастырылған тікұшағы, пилотсыз ұшу аппараттарының үлгілері.
Қазақстандық армия жылдан жылға қарқынды дамып, техника мен қару-жарақтың жаңа түрлерін игеріп, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлықтарын тұрақты жаттықтыру үстінде.