ҚР ҚОҚМ-де балық шаруашылығы саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Кеңестің бұл секциясы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, халықаралық тәжірибені ендіру және инвестицияларды тарту салаларын реттейтін заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстар беру мақсатында құрылған.
Отырыс барысында балық шаруашылығы саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, мемлекеттік құзырлы органдар мен балық шаруашылығы қауымдастығының арасындағы өзара іс-қимыл тиімділгін арттыру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Кеңес мүшелері балық ресурстары өсімін молайту кешенін басқару құрылымын және жеке табиғат пайдаланушыларға бекітілген табиғи су айдындарына балық жіберу механизмін жетілдіру мәселелеріне тоқталды.
Басқосу барысында «Казахрыбхоз» балықшылардың қоғамдық бірлестіктері мен балық шаруашылығы субъектілерінің Республикалық қауымдастығы қызметінің жоспары және балық шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар қарастырылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Балық шаруашылығы комитеті жанында Кеңес мүшелерінің ұсыныстарын зерделеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.