Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Осы учаскедегі құрылыс жұмыстарын Түркияның «Дженгиз Иншаат» бас мердігерлік компаниясы атқаруда. Ал Франция мен Қазақстанның бірлескен Egis International/Каздорпроект құрылыс компаниясы - бақылаушы консультант.
Жобаның жалпы сомасы 13 989 млн.теңгені құрайды. Ағымдағы жылы 6 300 млн.теңгені игеріп, 40 шақырым жол салу жоспарлануда.
Негізгі жол жұмыстары мен су құбырларының құрылысын орындауға «Иврус» ЖШС еншілес компаниясы тартылды.
Мердігер компанияның Ақтөбе қаласында толығымен пайдалануға берілген өзінің зертханасы бар. Мұндай зертханаға еншілес мердігер компаниясы да ие.
Бас мердігер және еншілес мердігер компанияларда ағымдағы жылғы кестедегі жұмыстарды орындау үшін қажетті техникалық және адами ресурстар жеткілікті. Жоспардағы 132 техниканың орнына 235-і тартылды. 415 адамның орнына учаскеде 752 адам жұмыс жасауда.
Анықтама: 2011 жылдың 28 қазанындағы жағдай бойынша, «Ақтөбе - Мартөк - РФ шекарасы» автомобиль жолы учаскесіне 1 116,52 мың текше метр жер төсеніші төселді (жылдық жоспардан 76%); 37,21 мың шақырым жамылғы қабаты салынды (93%); жоспардағы 40 шақырым негіздің 36,6 шақырымы төселді (92%); жоспардағы 40 шақырым асфальтты-бетонның 34,9 шақырымы төселді (87%); жердің төменгі қабатында жоспарланған 40 шақырымдық жұмыстардың 35,44 шақырымы орындалды (89%).