13:12, 31 Наурыз 2009
ҚР Көлік және коммуникация министрі Каспий аумағындағы мемлекеттердің көлік министрлерінің кездесуіне қатысады
АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов 2009 жылғы 2 сәуірде Баку қаласында өтетін Каспий аумағындағы мемлекеттердің көлік министрлерінің бірінші отырысына қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған кездесу Каспий аумағындағы мемлекеттер Басшыларының Саммиті (16.10.2007 ж., Тегеран қ.) шешімдерін орындау мақсатында, сонымен қатар Каспий аумағындағы мемлекеттердің Үкіметаралық экономикалық конференцияның (03-04.10.2008 ж., Астрахан қ.) барысында жасалған уағдаластықтар шеңберінде өткізіледі. Күн тәртібінде Каспий аумағындағы елдердің көлік саласындағы ынтымақтастығы және көлік байланыстарын дамыту жолдары сөз болады.